КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ БАР

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жобалар жүзеге асуда.
Қалада индустрияландыру картасына енгізілген құны 49 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы бойынша 261 млн. 700 мың теңгені құрайтын 55 жоба қаржыландырылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Өңірлік үйлестіру кеңесінен 6 млрд. 754 млн. теңгені құрайтын 83 жоба мақұлданды, 29 жобаға 43 млн. 310 мың теңге қайтарымсыз қаражат берілді.
2017 жылы «Даму-Аймақтар» бағдарламасы бойынша жалпы құны 837 млн. теңгеге 34 жоба қаржыландырылды.