Қызылорда облысында тағы бір су қоймасы салынады

Бұдан бөлек Әйтек, Жиделі су қоймалары жөнделуде. Олардың жұмысы 2020 жылдың соңына дейін аяқталады. Жиделі желтоқсанның басында іске қосылады», - деді филиал басшысы. Хамит Биімбетов биылғы вегетациялық кезеңнің қалай өткеніне де тоқталды. «Биыл вегетациялық кезең басында Көксарай контррегуляторына 3 млрд-тың орнына 2 млрд текше метр су жиналып, 1 млрд текше метр жетпей дихандар аздап қиналды. Бірақ әкімдік күріш егу мекемелерімен бірге 300 км ішкі каналдарды тазалады. Біз 61 км магистральді каналдарды тазаладық. 90 мың гектар күріш егілсе, соның бәріне кезекпен бекітілген кесте бойынша үлестіре отырып, су жеткізе алдық», - деді ол.