Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
 «Жаһандық жаңа сын-тегеуірінді ескере отырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқа арналған шығыстар артады. Бұл - адами капиталға, еліміздің болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызын құрайды», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті цифрландыру, телемедицина, биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымын қамтитын Бірыңғай ұлттық жүйені құру аяқталатынын атап өтті. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынады. Өңірлік медицинаны дамыту үшін еліміздің барлық облысында 20 заманауи медициналық орталық саламыз. Аудандық ауруханалар мен перзентханаларды, ауылдық емдеу мекемелерін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеміз. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетін болады. Басты мақсат - қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 75 жасқа жеткізу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


 
25 қараша 2020 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам