Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Татуласу: сотқа дейін, сотта

Татуласу: сотқа дейін, сотта

Ежелден үлкеннің уәжіне тоқтап, айтылған сөздің қадірін біле білген халқымыз «бітімге келмегеннен береке сұрама» деп бекер айтпаған. Әділдігі мен адалдығын жоғалтпаған қазақ үшін бітімгершілікке келіп, дауды ушықтырмай, татуласу арқылы шеше білу бөтен қасиет емес.
        Бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «Дау мұраты – біту» деген қағиданы басшылыққа алып келген қазақ елі ақсақалдар мен беделді азаматтардың әділ, парасатты шешіміне тоқтап, қаншама ушыққан дауды шешіп, әділдіктің ақ туын желбірете білген және осының арқасына еліміздің тұтастығы мен халықтың ауызбіршілігін сақтап қалған. Қазақтың дана билері ел арасында туындаған кез келген дау-дамайды бітімгершілікпен шешкен. Осындай ұлы қасиеті бар елімізде соңғы кезде азаматтарымыз даукес болып, ерегіске құмарланып кеткендей көрінеді. Елбасының жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі өзегі қазақ халқының ұлттық санасы мен болмысына қайта оралу. Біз өзіміздің төл болмысымыздағы «Біреудің ала жібін аттамау», «Ағайынның азары болса да, безері жоқ » деген қасиетімізді жоғалтып алуға тиіс емеспіз.
        Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2018 жылы ұсынған «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін өңірімізде бірқатар жұмыс атқарылып, екі жақты келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді қараудан соттар біртіндеп босатылды. Татуласу рәсімдерін мейлінше көп қолдануға ықпал етіп, азаматтар арасында дау туындаған жағдайда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бітімге шақыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру өз нәтижелерін беруде.
        Жақсы істі, оң бастаманы қолдайтындар аз емес. Сондықтан халықтың сана-сезімін даукестіктен кешірімді болуға бұрып, орын алып отырған даулардың деңгейін төмендетіп, келіспеушіліктерді татуласу арқылы шешуге бағытталған барлық шараларды іске асыру жалпы азаматтық міндет болуы тиіс. Бұл қоғамның бүгінгі басты талаптарының бірі.
Қанатбек Абдуллаев Амангелдіұлы
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
03 қараша 2020 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам