Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» Ымыраға келу ырысты арттырады

Ымыраға келу ырысты арттырады

  Қазіргі сот  жүйесінің алдында тұрған міндет «Медиация туралы» заңды кеңінен қолдану. Бітімгерлік рәсімге қоғамдық кеңестерді және жеке азаматтардың өздерін тарту маңзды. Яғни, азаматтарға дау, жанжал немесе басқа сұрақтарды бітімгерлік сатысында медиаторлардың көмегімен шешуге мүмкіндік бар екенін жеткізу өзекті. Азаматтарға шиеленісті немесе дауды құқық қорғау органдары арқылы шешу шығынға әкелетінін, әрі көп уақыт алатынын түсіндіру қажет. Ал, осы дау немесе жанжалды ымыраға келу арқылы шешуге де болады.
         Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің негізі. Біздің ата-бабаларымыз бұрын бұл тәсілді тиімді қолданып, түрлі дауды билер соты арқылы бітімгершілікпен шешіп келгендіктен, бұл заң қазаққа жат емес, тек медиация деген атауы ғана томпақтау болып тұр. Бұрынғы заманда билер соты секілді құқықтық институт болғаны және қоғам өмірінде ерекше рөл атқарғаны мәлім. Белгілі заңгер, академик Салық Зиманов өзінің «Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі» кітабында: «Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дауларын қарастыра отырып, тараптардың арасында, рудың арасындағы бітімгершілікке қол жеткізуге тырысатын», - деп жазған. Кезінде қазақ қоғамындағы даулы мәселелерді, екі ауыз сөзбен шешкен аузы дуалы билердің болғаны мәлім. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Дана биліктің дара тұлғалары – Қазыбек, Төле, Әйтеке билер бастаған билердің ел арасындағы кез-келген дауды бітімгершілікпен шешіп, халқымыздың бірлігі мен ауызбіршілігін сақтауға бар ақыл-ойы мен күш-жігерін жұмсағаны бәрімізге мәлім.
                                                                     Қызылорда облысының кәмелетке
                                                                     толмағандардың істері жөніндегі
                                                                     мамандандырылған ауданаралық
                                                                     сотының төрағасы Қ.Абдуллаев
---
17 маусым 2020 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам