Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУДАНДАРДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

АУДАНДАРДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

   Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы және Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары кезекте тұрған азаматтарға үй беру, есепке қою бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімдеді.
– Биыл Қармақшы ауданында 6 үй салынды. Олар кезекте тұрған мұқтаж жандарға пайдалануға берілді. Байқоңырда 50 пәтерлі 5 үйдің іргетасы қаланып, құрылысы келер жылы жалғасады. Төретам және Ақай ауылдарының азаматтары баспанамен қамтылады, – деді Қармақшы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қатарбаев.
Ал, Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Ситекен келер жылы бұл аймақта 18 пәтерлі 6 үй салынатынын мәлімдеді.
– Аудандық бөлімге үй кезегіне тіркелген тұрғындар көрсетілген санат бойынша пәтер алады. Олар қазір үй кезегіне 4 санат бойынша тіркелген. Олардың ішінде 1 Ұлы Отан соғысының ардагері болса, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны –193, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар – 345 және бюджеттік сала қызметкерлері – 100 азамат. Барлығы 638 тұрғын үй кезегінде тұр, – деді М.Ситекен.
Айта кетейік, кезекте тұрған азаматтардың тізімі жыл сайын алғашқы тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жарияланып отырады.

Жарасхан ӨТЕБАЛИЕВ.
25 желтоқсан 2017 ж. 1 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам