Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИЫЛ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС 24 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

БИЫЛ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС 24 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

    Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев мәлімдеді.
"2014 жылы Елбасының Жарлығымен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы қабылданған болатын. Осы Стратегияны жүзеге асыру мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2017 жылға арналған кешенді жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес парақорлықтың алдын алуға бағытталған 13 жоба іске асуда. Олар "Оқулық", "Тәрбие", "Ғылым", "Байқау", "Мақала", "Таспа", "Үгіт", "Театр өнері", "Музыка", "Әдебиет", "Мұражай", "Азаматтық бақылау" және "Ашық келісім" жобасы. Бүгінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында түрлі нысаналы топтармен мыңнан астам кездесулер өткізілді. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс өткен жылдармен салыстырғанда біршама азайған," - деді Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам