Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛҒА ОРАЙ ҚОСЫМША ПОЙЫЗДАР ҚАТЫНАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛҒА ОРАЙ ҚОСЫМША ПОЙЫЗДАР ҚАТЫНАЙДЫ

     «Жолаушы тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздарды шығарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания тұрғындар сұранысының артуына байланысты осындай шешімге келді.
Қосымша пойыздар төмендегі бағдарлар бойынша қатынайды:
«Астана Нұрлы жол-Павлодар» бағытында №174/173 пойыз 1 рейс жүреді. Пойыз Астанадан 30 желтоқсан күні 23 сағат 50 минутта жолға шығып, Павлодарға 31 желтоқсан күні 05 сағат 46 минутта жетеді. Кері бағытта Павлодардан 31 желтоқсан күні 09:15-те жүріп, Астанаға 31 желтоқсанда 15:15-те жетеді.
Пойыздың 22 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд», тағы біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 18-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны – 346.
«Астана Нұрлы жол-Шымкент» бағытында №178/177 пойыз 2 рейс жасайды. Пойыз Астанадан 27 және 29 желтоқсан күндері 22:30-да жолға шығып, Шымкентке 28 және 30 желтоқсан күндері 17:05-те жетеді. Кері бағыттағы пойыз Шымкенттен 28 және 30 желтоқсан күндері 18:05-те жолға шығып, Астанаға 29 және 31 желтоқсан күндері 12:54-те жетеді.
Пойыздың 24 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 21-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны – 425. Еске сала кетсек, бұрын мереке күндері сұранысы жоғары бағыттар бойынша қосымша тағы 15 пойыз шығарылған болатын.
http://stan.kz/
27 желтоқсан 2017 ж. 1 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам