Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

   Жыл тоғысында «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты басылымдарда бірқатар кадрлық өзгерістер болды.
Серіктестік жанындағы байқаушы кеңестің шешімімен осыған дейін мекеме бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген Қуат Шарабидинов облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
Қуат Әбішұлы Шарабидинов журналистикадағы еңбек жолын осы газеттен бастаған. Әр жылдары жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы қызметтерін атқарды.  
Аймақ басылымдары «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне біріккен тұстан бастап мекеме басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, серіктестікке қарасты Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторлығына Дастан Садық, ал Арал аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы болып Абай Елеш тағайындалды.
Аймақ баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі журналистер Жұматәли Әбдіраман, Алтай Үсенов, Шымкентбай Жылмағанбетов құрметті еңбек демалысына шығуына байланысты серіктестік басшылығы жемісті қызметтеріне алғыс білдірді.
29 желтоқсан 2017 ж. 2 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 927 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам