«ҚЫЗЫЛОРДАЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫНДА» ЖАҢА БАСШЫ
2017 жылдың 21 қарашасынан бастап Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың келісімімен «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып Нұрмағанбетов Руслан Аймырзаұлы тағайындалды.
Руслан Аймырзаұлы 1983 жылдың 1 тамызында Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
2006 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Инженер - электромеханик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Электромонтажавтоматика» ЖШС инженер ретінде бастаған.
2007-2008 жылдары облыстық қаржы басқармасының жетекші маманы;
2009-2014 жылдары ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің техникалық инспекторы;
2014-2015 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;
2015-2017 жылдары «Қызылорда элетр тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2017 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК директорының орынбасары қызметін атқарған.