Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛ ТОҒЫСЫНДА ЖЕТІСТІКТЕР САРАЛАНДЫ

ЖЫЛ ТОҒЫСЫНДА ЖЕТІСТІКТЕР САРАЛАНДЫ


Қызылорда облыстық сотында Жаңа жыл мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы, алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, соттар әкімшісі басшысының орынбасары, бөлім басшылары және сот мамандары қатысты.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев қатысушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. «Ғасыр жылнамасында тағы бір жыл тарих қойнауында қалды. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін бірлік пен береке, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды. Мемлекетімізде ЭКСПО – 2017 өткізіліп, басқа да іргелі оқиғалар орын алды. Биыл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, судьяларды іріктеу мен мансаптық ілгерілету жүйесі түбегейлі қайта қаралды. Жаңа 2018 жылдан күтер үмітіміз көп, атқарылар іс те аз емес», деді Қ.Нұрышев.
Мерекелік жиында сот қызметкерлері ұйымдастырған жаңа жылдық көрініс жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
03 қаңтар 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам