Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІРНЕШЕ МӘРТЕ ПАРА АЛҒАН ШЕНЕУНІК ҰСТАЛДЫ

БІРНЕШЕ МӘРТЕ ПАРА АЛҒАН ШЕНЕУНІК ҰСТАЛДЫ


Қызылорда облыстық қорғаныс істер департаментінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облыстық департаменті облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оған 600 мың теңгеден астам сомада бірнеше мәрте пара алды деген күдік келтірілуде», - делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, күдікті 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында бағынышты қызметкерлерінен кезекті әскери атақ бергені, тәртіптік жауапкершіліктен босатқаны және қызмет барысында жалпы қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ақша алып отырғандығы анықталған.
«Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында департамент бастығы ұсталып, Қызылорда қалалық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өткен агенттіктен.
05 қаңтар 2018 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам