Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКА АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКА АШЫЛДЫ


Бүгін, Қызылорда қаласында эндокринология және жалпы терапия медициналық клиникасы ашылды.
Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қала тұрғындарын жаңа заманауи клиниканың ашылуымен құттықтап, жоба жетекшісіне алғысын жеткізді.
– Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл – адами капиталы. Біздің басты мақсатымыз да, халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар рухани және денсаулық жағдайын жақсарту болып табылады.
Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары біздің өңірімізде жергілікті инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қала халқына қажетті түрлі әлеуметтік нысандардың саны артып келеді.
Қаламызда денсаулық сақтау нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба жетекшісі Ким Сергей Романовичқа риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін. Жаңа медициналық клиника құтты болсын ағайын! Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат, халықтың игілігі үшін қызмет етсін. – деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
«Агрохимсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны – 550 млн. теңге болса, оның 130 млн. теңгесі Даму қоры арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған.
1 мың 200 шаршы метрді құрайтын жаңа клиника қала халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етілген және жалпы терапиялық қызмет көрсетеді.
Ең маңыздысы, бұл клиника 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
06 қаңтар 2018 ж. 2 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам