ШАҢҒЫ: ПОЛТОРАНИН «ТУР ДЕ СКИ» КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында «Тур де Ски» кезеңінде қазақстандық Алексей Полторанин жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Қазақтандық спортшы Фристайлдан әлем кубогында күміс жүлде алды Қазақстандық жастар әлем чемпионатында кімнің орнын иеленетіні анықталды.
Әлем кубогы кезеңі болып саналатын 15 км қашықтықта классикалық әдіспен көпшілік жарыста А.Полторанин бірден көш бастаушылардың қатарында болды. Содан кейін 10 километрге жақындағанда, қарқынды үдетіп, алға шықты. Ал мәреде тамаша жылдамдық көрсетіп, бірінші болып өтті.
Айта кетейік, бұл - А.Полтораниннің биылғы маусымдағы үшінші жүлдесі. Бұдан бұрын ол 17 желтоқсан күні Италияның Тоблах қаласында әлем кубогы кезеңінде 15 км қашықтықта классикалық тәсілмен ізге түсіп жарысуда қола жүлдегер атанса, жаңа жыл алдында Ленцерхайдеде (Швейцария) «Тур де Ски» кезеңінде классикалық әдіспен 15 км қашықтықта жүгіруде мәреге екінші болып жеткен болатын.
Осылайша, Алексей Полторанин Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындары қарсаңында өзінің бабында екендігін дәлелдеп келеді.