ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫР АТЛЕТТЕРІ – БІРІНШІ ОРЫНДА!
Атырау қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасындаөткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз 197 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында – Алматы облысы (191 ұпай), үшінші орында – Алматы қаласы (169 ұпай).
Облыс құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальдарды иеленіп, қатарынан 4 мәрте Қазақстан жеңімпазы атанды. Алтын жүлдегерлер: 77 келі: Асылжан Бектай - 304 келі (135+169), 94 келі: Нұржан Кеңесбек - 310 (132+178). Күміс жүлдегерлер: 56 келі: Алмат Асанханұлы – 208 (89+119), 75 келі: Зарина Заркумова – 189 (86+103), 105 келі: Мейіржан Молдағали - 311 (141+170), +105 келі: Марлен Жұмәділ - 276 (120+156). Қола жүлдегер: 85 келі: Евгений Ломанов - 262 (120+142).
Спортшылар келесі жылдың ақпан айында Қызылордада өтетін ҚР чемпионатына қатысады. Ол сында Азия және Әлем чемпионаттарына ел намысын қорғайтын құрама жасақталады.
Спортшыларды жарысқа Нұржан Смаханов, Арман Абдраев, Альберт Хакимулин және Алексей Герасев дайындады.