ХОК 2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАҒА КХДР СПОРТШЫЛАРЫН ТІРКЕУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТТЫ

Бірақ қай күн екендігі айтылмай отыр. Әзірше олимпиадаға жалғыз жолдаманы жұптық мәнерлеп сырғанаушылар - Тхэ Ок Ем мен Чу Сик Ким жеңіп алды, деп хабарлайды ТАСС. Олимпиадалық ойындарға іріктеуден тағы бірнеше атлет өтуі мүмкін.
Айта кеткен жөн, Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы келіссөз 9 қаңтар күні сағат жергілікті уақытпен 10-да басталады. Олимпиадалық ойындар Пхёнчханда 2018 жылы 9 ақпан мен 25 ақпан аралығында өтеді.
ҚазАқпарат