Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ВИЗА ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ВИЗА ЕНГІЗІЛЕДІ

   Қазақстан жедел түрде электронды визаны енгізу керек. Бұл туралы Астанада Туризм жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мысалы, бізде электрондық виза жоқ, осы күнге дейін миграциялық карталар жұмыс істеуде, сондай-ақ әлемде қазақстандық туризмді насихаттауда ақпараттық насихаттау тиісті деңгейде емес.
Қазіргі кезде Қазақстанда 65 елге қатысты визасыз режім бар. ЮНВТО мәліметінше, шетелде қазақстандық визаны алу қиындау. Сондықтан да жақын арада жедел түрде электронды визаны енгізу керек», – дейді вице-министр.
Әзербайжанда 2013 жылы электронды визаны енгізу нәтижесінде шетел туристері 3,5 есеге артқан.
Ерлан Қожағапановтың айтуынша, елге келген соң берілетін визаларды қолдану керек, сондай-ақ 72 сағаттық визасыз транзиттік режімді кеңейтіп, миграциялық тіркеуді алып тастау қажет.
Бұдан бөлек, ол ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде үш ай бойы қолданылған «ашық аспан» саясатын енгізу өте маңызды екенін, осы орайда елеулі түрде оңтайлы тиімділікке қол жетікізілгенін атап өтті.
14 желтоқсан 2017 ж. 1 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам