Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛІП ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ - ЕРЖАН САҒЫМБАЕВ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛІП ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ - ЕРЖАН САҒЫМБАЕВ

  Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөледі. Өйткені ғылым жаңалығын өндіріске енгізген жағдайда ғана кез келген мемлекет қарыштап алға қадам басады. Елбасы Жолдауы туралы өз ойын «Orda Glass» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев осылайша білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнан әрі ол: «Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын бұрын да белгіленген реформалардың, атап айтқанда, «Ұлт Жоспары: 100 нақты қадам», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларының заңды жалғасы деп есептеймін. Оның мазмұны бүгінде бүкіл әлем технологияны дамытуға көшкенін, яғни дүние жүзінде технологиялық төңкеріс болып жатқанын көрсетеді. Осы орайда Президент технологиялық және экономикалық тұрғыда артта қалмау үшін жүзеге асырылуы тиіс нақты міндеттерді ұсынды. Жаңа технологиялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикалық құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа бергенін көріп-біліп жүрміз. Сондықтан, цифрлық технологияны қолдану аясын арттырып, жаңа жобаларды өркендету - маңызды әрі кешенді міндет», - дейді төраға. Оның айтуынша, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауыты толық іске қосылған кезде соңғы технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт болмақ. «Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар. Кәсіпорын құрылысын Қытай еліндегі шыны өндірісінің көшін бастап тұрған «China Triumph International» компаниясы жүргізіп жатыр. Отандық мамандар осылайша, бір жағынан, шыны индустриясы озық елдегі әріптестерінен біраз дүниені үйрене алады. Ал алдағы уақытта жергілікті мамандарды тәжірибе алмасу мақсатында шет елдерде оқытуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол. Сондай-ақ, Ержан Сағымбаев шыны зауыты жұмысын бастағаннан кейін мұнда «Apple», «LG», «Nokia» сынды ірі компаниялардың өнімдері - планшет, смартфон және өзге де гаджеттерге арналған ультражіңішке шынылар өндірілетінін айтты. «Одан бөлек, зауытта микроскоп, дүрбілерге де арнап өнімдер шығару қолғ,а алынбақ. Зауыт жұмысын жолға қойып, аяққа тұрғаннан соң ғарышқа ұшырылып жатқан зымырандарға қолданылатын әйнектер жасау да ойда бар. Оның технологиясы мүлдем басқа. Дегенмен, бұл да қолдан келуі тиіс», - деп қорытты сөзін Е. Сағымбаев.
http://www.inform.kz

11 қаңтар 2018 ж. 1 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам