ЦУКЕРБЕРГ FACEBOOK ЖЕЛІСІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ
Facebook негізін қалаған Марк Цукерберг әлеуметтік желі жариялымдарының басымдығы өзгеретінін хабарлады. Мұны ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды delavill.com. Цукербергтің сөзінше, Facebook желісінде жаңалықтар мен жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылып, желі қолданушысының отбасы мүшелері тарапынан контент көбірек болады. "Жаңалықтар таспасы о бастағы мақсатынан - адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті", - деп жазыпты Марк Цукерберг. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай керек болатынын да айта кетті.