ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен мектеп басшылары және балабақша меңгерушілерін танысып, оны насихаттауға арналған жиын өткізілді.
№3 мектеп-лицей директорының орынбасары Есімов Аманғали Жақсатұлы Жолдаудың маңыздылығы мен он басымдығын айтып өтті.
Жолдаудағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші басымдықтағы білім берудің жаңа сапасына кеңінен тоқталды.
2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.
Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.
Біз жаңа заманға сай болу үшін «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» екендігін түсініп, жалғасын табатынына сенім білдірді.
Сондай-ак, Елбасы Жолдауын бiлiм беру мекемелерiнiн қызметкерлерiне түсіндіру, насихаттау шараларын ұйымдастыруды тапсырып, жиынға қатысушыларға ел үшін атқарып жатқан еңбектеріне табыс тіледі.