ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей базасында ұжым мүшелерінің жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті.
Жолдау жайында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тілеуова таныстырды.
Жиналыста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Байжігітова «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Елбасымыздың Жолдауы еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екендігін айтып өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі М.Оразбахова жыл сайын жарық көретін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына Жолдауын асыға күтеміз. Себебі әрбір жолдау Қазақстанның қарқынды дамуы үшін әсері зор. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Болашағымыз жастардың қолында екенін және жастарды жаңартылған білім мазмұны арқылы оқыту әрине мұғалімдер екенін атап өтті. Жолдауда көрсетілген 10 басымдықты атқаруға өз үлесімізді қосуға шақырамын - деп сөзін қорытылады.