Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «СЛАВЯНЕ» ОРТАЛЫҒЫНА – 20 ЖЫЛ

«СЛАВЯНЕ» ОРТАЛЫҒЫНА – 20 ЖЫЛ


Қалалық Достық үйінде «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзар Ерәлиев, Наталья Жұмаділдаева, Қазақстан Республикасындағы ресейлік отандастардың үйлестіру кеңесінің төрағасы Всеволод Лукашов және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Александр Мусиенко қатысты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бірлестік мүшелерін мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан елімізде ұлттық саясатты жүзеге асыру, этносаралық және дінаралық бірігудің бірден-бір тиімді механизмі жасалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жуырда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім біздің басты құндылығымыз болып қала беретінін ерекше атап өтті. Бүгінгі күні Қазақстанда 130-дан астам этнос пен 18-ден астам конфесиялық топ, оның ішінде біздің облыста 30-дан астам түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының барлық мүшелеріне адал еңбектері мен таза жүректері үшін алғыс білдіргім келеді», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі орталықтың бірқатар қызметкерлері мен белсенді мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады.
Қазақстан Республикасындағы ресейлік отандастардың үйлестіру кеңесінің төрағасы Всеволод Лукашов «Славяне» орталығына жылы лебізін жеткізіп, бірлестік мүшелеріне Ресей Федерацяисының Алматы қаласындағы Бас консулының құттықтау хатын табыстады.
Сонымен қатар, «славяндарды» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева мен Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Александр Мусиенко құттықтады.
Кеш соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Славяне» орталығының «Сударушки» және «Надежда» вокалды топтары, «Наз» және «Жемчужинка» би ұжымдары, сондай-ақ, Қазақстанның өзге қалаларынан әріптестері мен достары – ақтөбелік «Купава» фолк-модерн тобы және шымкенттік «Светоч» тобы өнер көрсетті.
Іс-шара аясында Достық үйінде орыс халқының қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда «Славяне» орталығы облысымыздың ең ірі этномәдени бірлестіктерінің бірі. Ұйымның алғашқы төрайымы, Қызылорда политехникумының оқытушысы Нелля Литвинова бір топ белсенділермен бірге орталық жұмысының негізін қалады. 1998 жылдан бастап «Славяне» этномәдени бірлестігінің басшысы Галина Щербакова.
Бүгінде Қызылорда облысында 11 этномәдени орталық, атап айтқанда, «Славяне» коғамдық-мәдени орталығы, «Вайнах» шешен этномәдени орталығы, «Lev ami» еврей этномәдени орталығы, «Понтийцы» грек этномәдени орталығы, «Қызылорда облысының корейлер қауымдастығы», «Wiedergeburt» неміс этномәдени орталығы, ««Русская община Казахстана» қоғамдық бірлестігі және түрік, татар, өзбек әрі қырғыз этномәдени орталықтары жұмыс істейді.
20 қаңтар 2018 ж. 1 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам