Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

  2017 жылдың 14 желтоқсанында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Оған облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық депутаттар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен белсенділері, оқу орындарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия жұмысы мемлекеттік Әнұранмен басталды. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. «Тәуелсіздік және Қазақстан халқы Ассамблеясы: ХХV сессия қорытындыларынан туындайтын міндеттер мен мақсаттар», екінші марапаттау, үшінші мәселе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарын бекіту.
Биылғы алқалы жиын ең қасиетті құндылық – Тәуелсіздіктің 26 жылдығы қарсаңында өткізілді. Кіріспе сөз облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Қырымбек Елеуұлына берілді.
Жиын барысында облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қуаныш Дәуренбеков, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, педагог-психолог, аудармашы Сымбат Абдрахманова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Мария Семеникина, «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі, меценат Венера Гафурова, Шиелі ауданының «Ұлт бірлігі» этнобағытталған бірлестігінің белсендісі, кәсіпкер Ида Цой, Сырдария аудандық «Мәңгілік ел» клубының мүшесі Николай Лавров және Шиелі аудандық «Мәңгілік ел» клубының мүшесі Диас Нұрбаев сөз сөйледі.
Олар елімізде орын алып жатқан соңғы өзгерістер төңірегінде және бейбітшілік пен келісімді нығайту жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Ал, үшінші мәселе бойынша облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев ұсынылған шешімге қол қойып, жаңадан бекітілген облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарын таныстырды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық ҚХА мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен, бірнеше азамат Елбасы атынан Ассамблеяның Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, аймақ басшысы сессия барысында өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты дамытуға елеулі үлес қосқан этномәдени бірлестік жетекшілерін Алғыс хатпен марапаттады. Алқалы жиын Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке ұласты.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.

14 желтоқсан 2017 ж. 1 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам