Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРЖЫ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ САЙЫСҚА ТҮСТІ

ҚАРЖЫ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ САЙЫСҚА ТҮСТІ


Үстіміздегі жылдың 20-21 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, қаржы саласының құрметті ардагері Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағынфутболдан облыстық турнир өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 9 команда қатысып, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Жарыс нәтижесінде Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерін 6:1 есебімен ұтты. Үшінші орынды қаржы және экономика басқармаларының құрама командасы алса, төртінші орынды Жалағаш ауданының құрама командасы қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» - Бауыржан Сапаров (Қаржы және экономика басқармалары), «Үздік қорғаушы» - Ғабит Ербол (Жалағаш ауданы), «Үздік шабуылшы» - Төлеу Серікбаев (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік бомбардир» - Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк), «Үздік ойыншы» - Дінислам Асылбекұлы (Ұлттық банк) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілсе, номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Жарысты ұйымдастырушылар: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және Шөкеновтер отбасы.
22 қаңтар 2018 ж. 1 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 581 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам