ШАХМАТТАН ТУРНИР БОЛЫП ӨТТІ

Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Жастар қанатының 20 белсенді мүшесі қатысты.
Қазылар алқасының құрамында «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының 3 өкілі болды. Турнир олимпиадалық жүйе бойынша жүргізілді.
Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бірінші орынды Орынбек Асқарбай, екінші орынды Уәлихан Файзуллаев, үшінші орынды Әліби Қуантқанов қанжығасына байлады.