Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҮЗДІК МҰҒАЛІМ АВТОКӨЛІК МІНДІ

ҮЗДІК МҰҒАЛІМ АВТОКӨЛІК МІНДІ



Арал аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Арнайы шарада алғаш сөз кезегін алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев барлық ұстаздар қауымын және сала ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.
Одан әрі Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев аймақ бойынша білім саласындағы жетістіктерге кеңінен тоқталып, білім саласы қызметкерлеріне мерекелік лебізін білдірді.
Салтанатты шарада, бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталса, білім саласында еңбегімен еленген 18 мұғалім аудан әкімінің Алғыс хатымен және № 13 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әбжалиев Алданыш пен «Айдын» балабақшасының меңгерушісі Әбдікәрімова Лизаға Арал ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.
Сонымен қатар, шара барысында аудандық пән олимпиадасының қорытындысы жария етілді. Нақтырақ айтқанда, «Химия» пәні бойынша өткізілген жарыста Арал қаласындағы №83 орта мектептің мұғалімі Махамбетжанова Назгүл үздік деп танылып, бас жүлде, яғни, су жаңа автокөлікке ие болды. Бұдан бөлек, бірінші орын алған ұстазға 500 мың теңге, екінші орыннан көрінген екі ұстазға 200 мың теңге және үшінші орын иемденген төрт мұғалімге 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді.
11 қазан 2017 ж. 2 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам