ЖАҢАҚОРҒАНДА АУДАНДЫҚ ЕМХАНА АШЫЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев Жаңақорған ауданында жаңадан пайдалануға берілген аудандық емхананың жұмысымен танысты.
Емдеу мекемесі қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, Жаңақорған ауданы жаңа туылған нәрестелердің шетінеуі бойынша республикалық көрсеткіштен төмен. Нақты айтқанда, соңғы 3 жылда 25,4% - ға төмендеген.