Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛТТЫҚ АРНА МҰРАҒАТТА САҚТАЛҒАН ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАРДЫ КӨРСЕТЕДІ

ҰЛТТЫҚ АРНА МҰРАҒАТТА САҚТАЛҒАН ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАРДЫ КӨРСЕТЕДІ

 Қазақ телевизиясының 60 жылдығының қарсаңында «Qazaqstan» ұлттық арнасы мұрағатта сақталған телебағдарламаларды көрсетеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» телерадиокорпорация басшысы Ерлан Қаринге сілтеме жасап. «Құрметті достар! Қазақ телевизиясының 60 жылдығының қарсаңында Ұлттық арна эфирінде мұрағатымызда сақталып қалған, кезінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленген телебағдарламаларды көрсетуді жөн көрдік. Осы жексенбі күні, яғни 4 ақпан күні 15:05-те кезінде осы телерадиокорпорацияның төрағасы болған, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 1993 жылы түсірілген "Ұлт және сана" бағдарламасы эфирге шығады», - деп жазды Ерлан Қарин өзінің Фейсбуктегі парақшасында.  Бағдарлама тақырыбы "Ру қымбат па, ұлт қымбат па" деп аталады және оған мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков пен жазушы, драматург Смағұл Елубай қатысқан.  Арна басшысы 25 жыл бұрын көтерілген тақырыптың әлі күнге дейін өзекті  екенін атап өтті.
inform.kz

01 ақпан 2018 ж. 1 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 205 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам