КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ
Жаңақорған аудандық кəсіпкерлік, өнеркəсіп жəне туризм бөлімінің ұйымдастыруымен "Ордакент" ардагерлер, жастар ресурстық орталығы ғимаратында семинар өткізілді.
Бұл шара "ПРЭКО Қызылорда Консалтингтік компаниясы" ЖШС үйлестіруімен болып өтті. Онда "Кәсіпкерлік негіздері", "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдаумен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жұртшылыққа түсіндірілді. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша "Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ филиалының директоры Гүлсім Денеева міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесі жайында айтып берді.