Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚЫЗМЕТІ ҚАУЫРТ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚЫЗМЕТІ ҚАУЫРТ

  Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі туралы білесіз бе? Мұнай-газ кен орындарындағы апаттарды естіп жүрміз. Алайда сол төтенше жағдайды кімдер ауыздықтай алады? Осы және өзге де қызметтер жайлы өңірдегі кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің өкілдері журналистерге арнайы брифинг өткізді.
    Бұл қызмет облыста 1998 жылы құрылды. Олардың міндеті – кен орындарында болған төтенше жағдайлардың алдын-алу, дер кезінде жою. Мұндай қызмет түрі еліміздің 13 аймағында орналасқан. Олардың 2800-ден астам жоғары білікті кәсіби құтқарушылары, 600 авария-құтқару техникалары, 6700 арнайы тағайындалған құрал-жабдықтарымен тәулік бойы әзірлікте болады.
Өткен жылы аталмыш кәсіпорынға 250-ден астам дабыл келіп түскен. Сондай авариялық-құтқару жұмыстары кезінде 185 адамды құтқарып, апатты жою орындарында 319 адамға медициналық көмек көрсетілген.
   – Сыр өңіріндегі мұнай өндіретін  Құмкөл, Ақшабұлақ секілді кен орындарында кез келген жағдайда атқылама болуы мүмкін. Ал, біздің мамандар сол жағдайда дереу көмек көрсетеді. Мамандар – түгелімен дерлік тәжірибелі мұнайшылар. Бұл қызмет 1999 жылдан бері 15-тен астам ірі ашық атқыламаны жойды, – дейді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» облыстық филиал директоры Нұрбек Момынов.
   Атқылама көбіне бұрғылау жұмыстарын сапасыз жүргізген кезде туындайды екен. Қазіргі таңда құрылым толықтай материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, кез келген қауіптің бетін қайтаруға әзір.
                                                                                                                            Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
05 ақпан 2018 ж. 1 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам