Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

   «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде Қызылорда қаласының «Ұлағат» колледжінің студенттеріне Ашық есік күні өткізілді.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары арнайы авариялық құтқару техникаларының және құтқару құрал-жабдықтарының көрмесін ұйымдастырды. Құтқару жасағында студенттер арнайы құтқару жабдықтары мен автокөлік құралдарының мүмкіндіктерімен танысты және құтқарушылардың формасын киіп көрді.
Іс–шара барысында авариялық құтқару жұмыстарына шығатын жоғары өтімді арнайы автокөліктер көрсетілді. Студенттерге құтқару станциясының ғимаратына экскурсия жүргізіліп, әдістемелік-оқу, кезекшілік-диспетчерлік, медициналық пункті, сүңгуірлік-құтқару, радиациялық және химия-биологиялық бөлімшелерінің кабинеттері көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты студенттерге құтқарушылардың жұмысын көрсету және түсіндіру, сонымен қатар Көкшетау техникалық институтына түсу жолдарын айту. Іс – шара барысында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары қонақтарға өздерінің жұмыстары жайында, жасақтың құрылу тарихы, арнайы құралдарды және оларды қалай қолданатынын түсіндірді. Соңында студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Осы өткізілген іс–шараның арқасында студенттер құтқару жасағы және құтқарушылардың жұмыстарымен кеңінен таныстырылды, сонымен қатар барлық қонақтарға қысқы кезеңінде қауіпсіздік ережелері туралы ескертпелер мен буклеттер таратылды.
11 желтоқсан 2017 ж. 1 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 037 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам