Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

    Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасында жыр дүлділі Әбділда Тәжібаевтың  шығармашылығына арналған «Тәжібаев оқулары» жыл сайын өткізіледі.  Бүгін «Тәжібаев оқулары»  аясында   «Кеудесі шын ақынның күй сарайы» атты поэзия  кешін ұйымдастырды.
Сырдың толағай ақыны Әбділда Тәжібаев туралы мағлұмат  беру, дарынды жерлес ақынымыздың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, отаншылдыққа, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында №11мектеп-лицейінің 8«А», «Ә», «В»,және №211А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2«Б»,4 «В», сынып оқушыларымен өткізілген кештің тәрбиелік мәні зор болды.   Оқушылар Әбділда атамыздың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін жатқа  оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған, туған жер Отан туралы әндер шырқады.
 Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.  Шара соңында  оқушылар «Сырда туған сұңқар ақын» атты кітап көрмесімен танысып, тамашалады.
07 ақпан 2018 ж. 3 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 485 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам