Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРАЛДЫҢ ӨНДІРІСІНДЕ ӨРКЕНДЕУ БАР

АРАЛДЫҢ ӨНДІРІСІНДЕ ӨРКЕНДЕУ БАР

  Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасы аясында 114,0 млрд теңгенің 84 жобасы іске асырылатын болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.
Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған Мұхтар Әуесұлы алдағы атқарылатын міндеттерге де тоқталып өтті.
2018 жылы 29,4 млрд теңгені құрайтын 37 жобаны іске асыру межеленсе, оның 29 жобасы нақты осы жылы іске асырылады, ал қалған 8 жоба 2018 жылға өтпелі жобалар болып табылады. Соның ішінде, осы жылы бастау алатын мега-жоба – бұл «Кальцилендірілген сода өндіру» зауытының құрылысы. Ауданға өткен жылы тартылғын инвестиция көлемі 10,5 млрд теңге. Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары 9,0 млрд теңгеге жуық өнімдерін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады. «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына ауданнан 3,7 млрд теңгенің 7 жобасы енгізілді. Бұған дейін 4 жоба жұмыс жасап келген болса, 2017 жылы қосымша 2 жоба іске қосылды. Ол «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы мен «Асфальт-бетон зауыты» жобасы. Ал, республикалық индустрияландыру картасына енген 93,5 млрд теңгенің «Кальцилендірілген сода өндіру» жобасы бойынша зауыт құрылысы биыл басталады» - деді Мұхтар Әуесұлы.
08 ақпан 2018 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам