Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА САУСАҚ ІЗДЕРІН КІМГЕ, ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ТАПСЫРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ?

ҚАЗАҚСТАНДА САУСАҚ ІЗДЕРІН КІМГЕ, ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ТАПСЫРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ?

 Саусақ іздерін алу сканер немесе бояғышты пайдалану арқылы орындалады. Саусақ іздері мен геномдық тіркеуді жүргізу ережелері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Құжат мәтіні «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған, деп жазады Stan.kz

Аталмыш қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ереже «саусақ іздері мен геномдық тіркеу туралы» заңға сәйкес әзірленді. Оған 2016 жылдың соңында президент қол қойды. Ішкі істер органдарының ережесіне сәйкес саусақ іздері Қазақстанның 16 жасқа толған азаматтарынан алынады. Ол кәмелеттік жасқа толғанда жеке куәлік немесе төлқұжат рәсімдеу кезінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 12 жастан 16 жасқа дейін  төлқұжат алғысы келген қазақстандықтардан да саусақ іздері алынады. Ереже Қазақстанда тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына да қатысты. Шетел азаматтарының саусақ іздері қазақстандық визаны алу кезінде немесе уақытша тұруға арналған рұқсатты рәсімдеу кезінде алынады.
Саусақ іздерінен алынған мәліметтер дерекқорда сақталады. Ал екі бас бармақтың саусақ іздері жеке куәліктің микросхемахасына енгізіледі.
08 ақпан 2018 ж. 1 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам