ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талаптарының аясындағы басым міндеттерін түсіндіру мақсатында жеке құрамға жылжымалы жедел кеңес өткізді.
Жедел кеңес 2018 жылғы 6 – 8 ақпан аралығында Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. Төлешевтің төрағалығымен және Штаб-тобының бас маманы Ғ. Адиловтың, «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Ә. Баякеевтің қатысуымен Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінде, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінде өткізілді.
Жедел кеңес барысында Бөлімше бастықтарының 2017 жылы атқарған жедел - қызметтік жұмыс қорытындылары тыңдалды.
Кеңес қорытындысымен Кеңес төрағасы бөлімше бастықтарына өткен жылы орын алған кемшіліктерді жою бойынша, Өрт сөндіру бөлімдерінің қарауыл бастықтарына жеке тәрбиелік жұмысты күшейту туралы нақты тапсырмалар берді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Штаб-тобы