Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

  Қазіргі кезде Жалағаш ауданына қарасты Аққыр, Жаңадария, Жаңаталап, Далдабай, Мырзабай ахун, Жаңақоныс елді мекендері сымсыз EVDO байланысы арқылы интернет желісіне қосылған. Дегенмен, байланыстың бұл түрі пайдаланушылардың интернетке деген сұранысын толық қанағаттандырмайды. Осыған байланысты биыл ауданда 4G мобильді байланысын тарату қолға алынбақ.. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мәлімдеді.
Елбасының биылғы Жолдауының өзегі - технологияландыру және цифрландыру. Қазақстан халқын сапалы, үздіксіз және 4G мобильді байланысымен қамту. Осыған орай, Жалағаш ауданында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға негізделген жұмысты басталды.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КаzSat» ғарыштық байланыс жүйесін ауылдық елді мекендерді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді 2021 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Соның ішінде, Жалағаш ауданындағы Мырзабай ахун, Аққұм, Аламесек, Жаңадария, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдарын интернетке «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің шеңберінде жердегі талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосу, екінші кезеңінің шеңберінде LTE-800 мобилді байланыс желілері арқылы Аққыр ауылы мен Далдабай, Жаңақоныс елді мекендерін интернетке қосу жоспарлануда, - деді Қайратбек Әубәкірұлы.
Сонымен бірге, Жалағаш кенті, Ақсу, Бұқарбай батыр, Мәдениет, Таң, Шәменов, Қаракеткен, Еңбек ауылдарын «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңінің шеңберінде «KazSat» сериялы байланыс спутниктері арқылы қамтамасыз ету ұсынылуда.
Жалпы, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін Жалағаш ауданы 1761 адамды білім ұйымдарының базасында оқыту көзделіп отыр. Ал, білім беру саласындағы цифрландыру бойынша бүгінде интернетке аудандағы 20 мектеп қосылған. Кең жолақты интернет нүктесіне 16 мектепте 26 интернет нүктесі орнатылған. Қазіргі таңда ауданның 11 мектебі «Электронды күнделік» жүйесіне қосылып жұмыс жүргізуде.


09 ақпан 2018 ж. 1 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам