ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨРЕНДЕР СИНГАПУРЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДАН ОЗЫП КЕТТІ
TIMSS-тің соңғы өлшем қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы 8-ші сынып оқушылары еліміздегі ең үздік нәтиже көрсетті. Оған қоса, олар әлемдік рейтинг көшбасшысы - Сингапурдан да жоғары.
Рейтинг мәліметіне сәйкес Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында орыс тілінде білім алатын 4-сынып оқушылары жалпы рейтингте ТОП-5 елдің көрсеткіштерінен асып түсті.
Қызылорда облысынан зерттеуге 13 мектептің 857 оқушысы (7 қазақ тілінде білім алатын және 6 аралас) қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, TIMSS – бұл мектептегі математикалық және жаратылыс танымдық ғылыми білім беру сапасының халықаралық мониторингтік зерттеуі. Осы зерттеу ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтайды. TIMSS өлшемдері циклді жүргізіледі: әр 4 жылда бір рет болады.