ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ
2017 жылдың 8-11 қараша аралығында 7-9 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада өтуде.
Олимпиада «Мен – Қазақстан азаматымын» тақырыбында «Бөбек» қорының 20 жылдық мерейтойына арналды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» қорының ұйымдастыруымен өткізілуде.
Олимпиадаға облыстан барлығы 3 оқушы қатысты. Олар: Қызылорда қаласынан №264 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Батырханова Зердехан, №278 орта мектептің 9-сынып оқушысы Наят Мади және Шиелі ауданы №40 орта мектептің 8-сынып оқушысы Серікбаева Мадина.
Оқушылар олимпиада барысында берілген тапсырмаға сәйкес әлеуметтік жоба қорғап, үш оқушымыз да жүлделі І орынға ие болды.