СЫРДАРИЯДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ
Өткен жыл Сырдария ауданы үшін табысты болды. Барлық салада өсім бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова мәлімдеді.
"Бүгінде Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды даму үстінде. Ерекше «экономикалық кезеңге» қарамастан 2017 жыл – ауданымыз үшін жетістіктер мен жаңалықтарға толы табысты жыл болды. Аудан бойынша 2017 жылы 2091 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда жұмыспен қамтылғандар саны 5780 адамды құрады. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12,2 пайызға өсті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі төрт есеге ұлғайып, 14,2 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 2017 жылы аудан экономикасына 52 млрд.581 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық орындалды, - деген аудан әкімінің орынбасары Балшекер Сұлтанбекқызы алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ, ағымдағы жылы кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше басымдық берілетінін жеткізді.