Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ


Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев Ақжарма ауылында өткен есеп беру жиынында 2017 жылы аудан экономикасына 44,2 млрд.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артық.
Яғни, ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Сонымен бірге, 2018-2020 жылдарға арналған ауданның даму бюджеті де қабылданды. Осы және басқа да жетістіктер кеңінен айтылған жиында аудан басшысы кеңкөлемді баяндама жасады. Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов, облыстық мәслихат депутаты Жанарбек Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру жиында дамудың дағыл жолына түсіп, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша өркендеген Ақжарма ауылдық округінің әкімі Қ.Нұрсейіт пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Б.Кенбаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен бірге, облыс бойынша кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше басымдық берілуіне байланысты аудан әкімі алда тұрған мақсат-міндеттерді атады. Есеп беру жиынында ауыл ақсақалы Қ.Ысқақов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жұмысына өте жақсы деген баға беріп, шынайы ризашылығын білдірді.
18 қаңтар 2018 ж. 1 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам