ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНДА ТӨРТІНШІ ОРЫН АЛДЫ
Футзалдан Еуропа чемпионатының үшінші орын үшін өткен матчында Қазақстан мен Ресей құрамалары кездесті.
Аса тартысты өткен бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол екінші таймның ортасында соғылды. Ресейлік ойыншы Эдер Лима есеп ашқан болатын. Какау шәкірттері кездесудің соңына дейін таразы басын теңестіруге талпынды. Алайда, есеп өзгерген жоқ.
Қорытынды есеп – 1:0. Ресей құрамасы үшінші орын алса, Қазақстан құрамасы төртінші орынды иеленді.
Ресей – Қазақстан 1:0 (0:0)
Гол: Эдер Лима (30)
Ресей: Замтарадзе (қақпашы), Эдер Лима, Робиньо, Давыдов, Чишкала, Лысков, Ромуло, Милованов, Абрамов (К), Ниязов, Абрамович, Афанасьев, Эскердинья
Қазақстан: Игита (қақпашы), Тайнан, Довгань, Есенаманов, Дуглас, Жаманқұлов, Сүлейменов (К), Першин, Таку, Тұрсағұлов, Нұрғожин, Оразов
Төрешілер: Галлардо (Испания), Флорес (Испания), Сореску (Румыния)
Ескерту: Дуглас Жуниор – Ромуло, Абрамов, Робиньо
Алаңнан қуылған ойыншы: Дуглас (35)
10 ақпан. Любляна. «Арена Стожице».
Еуропа чемпионатының финалында Испания мен Португалия құрамалары кездесті. Португалия ойыншылары 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша өз тарихында тұңғыш рет Еуропа үздігі атанды.