ВОЛЕЙБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Үстіміздегі жылдың 28-30 қыркүйек күндері Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде волейболдан 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында 19-шы халықаралық турнир өткізілді.
Оған еліміздің 8 облысынан және Өзбекстан, Ресей елдерінен 22 команда 300-ге жуық спортшы бақ сынасты. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының командасы 1-орынды жеңіп алды. Екінші орынды Сырдария ауданы, үшінші орынды Өскемен қаласының командалары иеленсе, төртінші орын Астана қаласының командасына бұйырды.