Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛЕНСІН ДЕСЕҢ ЕСІМІҢ

ЕЛЕНСІН ДЕСЕҢ ЕСІМІҢ

     Данышпан халқымыз дүниеге келген әрбір сәбиге лайықты есім қоюды ата-ана алдындағы үлкен жауапкершілік деп білген. Оның ықылым заманнан қалыптасқан өз рәсімі бар. Табиғатынан ырымшыл халқымыз жаңа туған нәресте еліне қалаулы, құрметті азамат болсын деген ниетпен әулеттің сыйлы ақсақалдарына қолқа салып жатады.
   Ертеректе ата-бабамыз балаларын Жетпісбай, Сексенбай, Қойшыбай, Жылқыбай десе, енді бірі апта күніне байланысты Дүйсенбай, Жұмабай, Сәрсенбай деп азан шақырып қойған. Бірақ, бүгінде ата-аналардың көбісі заманауи есімдерге көбірек мән беріп жатады.  Десе де, ақын-жазушыларымыз бен танымал тұлғаларға ұқсасын деген сеніммен Фариза Оңғарысыновадай ақын, Мәдина Ералиевадай әнші, Абай Құнанбаевтай ұлы ақын, Мұхтар Әуезов сынды ғұлама ғалым болсын деп атайтындары да жоқ емес. Бастысы, әрбір ата-ана бұл рәсімге үлкен жауапкершілікпен, талғаммен қарағаны жөн. Себебі, азан шақырылып қойған есім оның өмір бойғы тұмары іспетті. Бір жағынан, естілер құлаққа жағымды, мағынасы ұлттық болмысымызды айшықтайтындай болуы тиіс. Мұны дініміз де растап, құптайды. Онда балаға көркем мінез беру – ата-ананың фәнидегі басты міндеті екендігі туралы айтылған.   Аталмыш тақырыпты ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп жүрген ғалым Телғожа Жанұзақов бүгінге дейін 320-ға жуық ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды. Олардың қатарында оқырманның қызығушылығын арттырып жүрген «Қандай есімді ұнатасыз?», «Қазақ есімдерінің тарихы», «Есімдер сыры», «Сіздің есіміңіз кім?», «Қазақ есімдері» мен өзге де танымы мол еңбектері бар. Онда зерттеуші-ғалым кісі есімдеріне қарап, бізге дейін өмір сүрген ата-бабаларымыздың  тұрмысы, мәдениеті мен дінге деген көзқарастарын аңғаруға болады деген ойды нұсқайды.    Ал, сәбилерге есім қою әр елде әртүрлі екен. Мәселен, Испанияда балаларды ар-намысты қорлайтын кез келген атпен атай салуға тыйым салынған. Германияда адамдардың діни наным-сенімдеріне қайшы келмеуі сынды бірқатар ережелер қарастырылған. Бір қызығы, Мексиканың Сонора штатында дүниеге келген сәбилерге ерекше есімдер қоюға тыйым салыныпты.
      Ендеше, біз де ел ертеңіне айналар сәбилерімізге шариғат заңына сай, қазақы есімдерді қойған жөн. Ел аузындағы «Балаңның атын ұлық қой, көтере алса, ұлық болсын» деген тәмсіл осындайдан қалса керек.  
Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ IV курс студенті.
12 ақпан 2018 ж. 1 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам