Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙМАҚТЫҢ АЛҒАН АСУЫ КӨП

АЙМАҚТЫҢ АЛҒАН АСУЫ КӨП

   Н.Бекежанов атындағы драма театрында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуін өткізді. Аталмыш кездесуде атқарылған жұмыстар сараланды, алдағы міндеттер нақтыланды. Соңғы 5 жылда жасалған істер сарапқа салынды.
– Біз 2017 жылы атқарылған жұмысқа баға береміз. Бұл – менің облыстың басшысы ретінде өткізіп отырған бесінші есеп беру кездесуім. Жыл сайын атқарылған іс-шараларды талқылаймыз. 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарының негізгі басымдықтары – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнату және әлеуметтік қорғау, адами әлеуеттің дамуы, бағалардың алып-сатарлық жолмен өсуін болдырмау, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері болды, – деді облыс әкімі сөз басында.
2013 жылдан бастап Сыр өңірінде индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру қолға алынды.
Облыс әкімі өнеркәсіп өндірісінің 70 пайызға жуық бөлігін мұнай мен уран өндірісі алып отырса, ал, жеке мұнай ұңғымаларының бүгінде 98 пайызы суланып кеткенін тілге тиек етті. Аймақ экономикасындағы құрылымдық өзгерістердің арқасында биыл өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты көлем индексі бойынша 100 пайыздық деңгейге сенімді шығатын боламыз. Сондықтан бес жылда атқарылған жұмыстар нәтижесінде мұнай және уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп айта аламыз.
Сондай-ақ, биыл шыны және тампонажды цемент өндіретін зауыттарды, үш окись молибден өндірісі іске қосылады деп жоспарлануда. Шыны зауытының құрылыс-монтаждау жұмысы маусым айында аяқталатын болады. Ал, шілде айының басында пешін іске қосамыз. Зауыттың технологиясы ерекше, сондықтан сапалы өнім алу үшін пешті 3 ай көлемінде қыздыру қажет. Алғашқы қазақстандық шыны биыл қыркүйек айының соңында тұтынушыға жол тартады деді облыс әкімі.
Өңірлік экономиканы қалыптастырудың басымдығы – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Осыған байланысты әкімдік мәслихатпен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясы филиалы және қоғамдық кеңестің қатысуымен биыл жаппай кәсіпкерлік жылын жариялау туралы шешім қабылдады, кешенді жол картасы әзірленді. Оны жүзеге асыруға қомақты қаржы жұмсау жоспарланып отыр.
Агробизнес саласында 5 жыл ішінде инвестициялар 23 есеге дейін өсті. Осылайша ауыл шаруашылығында өндірістің өсуіне жол ашылды. Аймақта 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың агрокартасы дайындалды. Олар 2 негізгі міндетті шешуге бағытталған. Ішкі нарықты толықтыру үшін жылдам дамуды қажет ететін агроөнеркәсіптік кешенінің секторларының аясын кеңейтуге мән беріледі. Сондай-ақ, экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту негізгі міндеттердің бірі 2020 жылға дейін Иран арқылы Парсы шығанағына, Орталық Азия, Еуропа елдеріне экспортқа шығарылатын өнімдер көлемін арттыру назарға алынады. Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2,4, ал, оның экспортын 5 еседен астамға ұлғайту жоспарлануда.
– Сыр күрішшілері былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 500 мың тоннадан астам күріш өнімін жинады. Мұндай нәтиже негізінен сорттардың өнімділігін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы 5 жылда күріш өнімділігі гектарына 7,6 центнерге артты, – деді аймақ басшысы.
Қызылорда қаласында соңғы кездері аумағы 2 млн. шаршы метрді құрайтын тұрғын үй бой көтерді. Айталық, 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, қазір бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асады. Осылайша 14 жаңа шағын аудан бой көтеріп, апатты тұрғын үй мәселесі толығымен шешілді. Өткен жылы апатты үйдегі 309 отбасысы жаңа баспанаға ие болды.
Тағы бір жағымды жаңалық – әлеуметтік осал топтарға қолжетімді баспананы қамтамасыз ету мақсатында «Орда» тұрғын үй құрылысы бойынша жол картасы әзірленді. Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Оларды тұрғындарға кейін өтеу құқығымен алғашқы төлемсіз ай сайынғы жалға алу құны шартымен беріледі.
Сол жағалаудағы алғашқы нысандарды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, жаңа қаладағы жаңа үйлердің бағасы елдегі ең арзан бағамен беріледі. Яғни, әрбір шаршы метрі 120 мың теңге көлемінде болмақ, – деді облыс басшысы.
Облыста 5 жыл ішінде 200 әлеуметтік нысан іске қосылды. Білім саласында соңғы 5 жылда 45 жаңа мектеп салынды, оның 37-і апатты жағдайдағы білім ошақтарының орнына пайдалануға берілді.
– 2014 жылдан бастап мектеп бітірген 452 түлек Ресейдің Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Үкіметінің гранты бойынша оқып жатыр. Біз – осындай білім беруді ұйымдастырған бірден-бір облыспыз. Осы жазда алғашқы 65 бітіруші түлекті күтетін боламыз, – деді аймақ басшысы. Ол былтырғы мектеп бітірушілердің 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсіп, республикада ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгендігін атап өтті.
Ал, денсаулық сақтау саласы 5 жылда 57 нысанмен қамтылды. Оның  49-ы бұрын апатты жағдайда болатын. Былтыр шалғай ауылдарда 11 медициналық пункт іске қосылса, биыл аталмыш сала нысандарымен жабдықтауды 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Соңғы 5 жылда мәдениет саласының бюджеті 2 есеге артты. 2013 жылы облыста «Мәдени мұра» бойынша ғылыми-әдістемелік кеңес құрылды. Кеңестің былтырғы атқарған жұмыстарының ішінде маңыздысы – ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне Қорқыт ата мәдени мұрасының және 9 мәдени-тарихи ескерткішінің қосылуы.
Байқоңырды дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейдің арасында қаланы ұзақ мерзімді дамытудың бірлескен бағдарламасы жасалды. Оның шеңберінде шаһардың тіршілік ету орталықтарының жай-күйін жақсарту, тұрғын үй құрылысын салу басталды. Одан бөлек, келіссөздердің нәтижесінде өткен жылы Ресей Федерациясының жалдауынан шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 11,6 мың гектар жер қайтарылып алынды. Бүгінде Ресей тарапымен жалдаудан 3,4 мың гектар жерді алуға келіссөздер жүргізілуде. Оған қоса Байқоңырды газдандыру, 5 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен жабдықтау және жалпы су жүйесін жаңғырту ісі қолға алынды.
Сөз соңында аймақ басшысы Елбасы Жолдауында барлық салаларда озық ақпараттық-технологияларды қарқынды түрде енгізу міндетінің қойылғандығын атап өтті.
– Бүгінде мемлекеттің де, бизнестің де барлық ресурстары дамудың стратегиялық мақсаттарына жетелеуі қажет. Қызылорда облысы «Қазақстанның ауқымды дамуына», өзінің барлық табиғи, адами ресурстарымен елдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сапасының артуына да атсалысуы керек, – деді облыс әкімі.
Есепті баяндамадан кейін тұрғындар көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды. Сондай-ақ, олардың толғандырып жүрген мәселелерін, ұсыныстарын онлайн режимде жолдауға мүмкіндігі жасалды. Бейнебайланыс арқылы аудандардан келген сұрақтар да назардан тыс қалмады. Жиын соңында атқарылған ауқымды жұмыстарды таразыға тартқан әкім есебін тыңдаған халық аймақ басшысының игілікті ісіне ризашылығын білдірді.
                                                                                                                               Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
19 ақпан 2018 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам