Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ГОЛОВКИН МЕН ДЖЕЙКОБСТЫҢ РЕВАНШЫ ҚАШАН ӨТУІ МҮМКІН

ГОЛОВКИН МЕН ДЖЕЙКОБСТЫҢ РЕВАНШЫ ҚАШАН ӨТУІ МҮМКІН

  Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторы Дэн Эмброуз Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс арасында өтуі мүмкін реванштың шамамен қашан болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
28 сәуірде Дэниэль Нью-Йоркте польшалық Мацей Сулецкимен кездеседі. Америкалық боксшының промоутері егер Джейкобс жеңсе, GGG мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы реванштың жеңімпазымен жұдырық түйістіретін басты үміткерлердің бірі болатынын айтты. «Егер қазақстандық боксшы 5 мамырда HBO PPV-де «Канелоны» жеңсе, осы жылдың аяғына қарай орта салмақтағы белдіктерді біріктіру үшін WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесуге ұмтылады. Головкин жеңген күннің өзінде ол 2019 жылдың мамырында Альвареспен қайта кездесетін шығар. Онда Джейкобс келер жылдың екінші жартысында Головкин кездесу өткізетін боксшылардың біріне айналады. Егер Геннадий 5 мамырда жеңіліп қалса, Джейкобспен жұдырықтаспайтын шығар, өйткені Головкинге оның қажеті жоқ. Оның орнына Головкин Сондерстің ізіне түсуі немесе Альваресті тағы да рингке шақыруы мүмкін. Ал енді Джейкобс Сулецкиден жеңілетін болса, Головкин немесе «Канело» туралы ұмытуына тура келеді», - деп жазды Эмброуз.
19 ақпан 2018 ж. 1 739 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам