Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА КОРЕЯДАҒЫ ОЛИМПИАДАДА 12-ОРЫН АЛДЫ

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА КОРЕЯДАҒЫ ОЛИМПИАДАДА 12-ОРЫН АЛДЫ

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева оңтүстіккореялық Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада-2018 ойындарында жалпы есепте 12-ші болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еркін бағдарламада Тұрсынбаева 118.30 ұпай жинады, ал қысқаша бағдарламаның ұпайы 57, 95 ұпай еді. Екі бағдарламаның нәтижелерін қосқанда ол 177, 12 ұпай жинады. 
 Олимпиада чемпионы - ресейлік 15 жастағы Алина Загитова (239.57 ұпай). Күміс медаль - тағы бір ресейлік қыз Евгения Медведева - 238,26 ұпай. Қола медаль - Кэйтлин Осмонд - 231,02. Еске салайық, тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова қысқа бағдарламада 30-орынды иеленіп, еркін бағдарламаға жолдаманы ала алмады. 18 жастағы екі қазақстандық спортшы қыз да Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсетті.  Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алған еді.
kaz.tengrinews.kz

23 ақпан 2018 ж. 3 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам