Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МҰНАЙШЫЛАР ШАҒЫМЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

МҰНАЙШЫЛАР ШАҒЫМЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

  Жыл басында «Сибу Қызылорда» ЖШС инженерлік бұрғылау компаниясы жұмысшыларының арызынан кейін кадр бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілді. Неге?
Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінде қытайлық «Сибу- Қызылорда» ИБК ЖШС бас директоры Ван Дося, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев, еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тұмар Шалбаева, «АлтайТорг сервис» мекемесі мамандар бөлімінің басшысы Жеткерген Берікболұлы баспасөз мәслихатын өткізді.
– Бізге осы компанияда еңбек ететін 46 адамнан кадр бөлімі басшысының заңсыз әрекеттеріне қатысты шағым түскен еді. Сол себепті жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде вахталық әдіспен еңбек ететін азаматтардың жұмыс кестесінің жоқтығы, жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін төлемақының уақытынан кеш берілетіні анықталды, – деді Т.Шалбаева.
Ал, Н.Анарбаев қазіргі кезде кадр бөлімінің басшысына қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық ісі үшін тергеу амалдары жалғасуда екенін жеткізді. Аталмыш компания басшылығының жұмыс көлемінің азаюына қарамастан онда еңбек ететін адамдар ешқандай қысқартуға ілікпегенін айтады. 2015 жылы компания 11 бұрғылау қондырғысына қызмет көрсетсе, қазір 3-не ғана сондай шара жүргізіледі.
– Осыған қарамастан біз – жұмыс беруші, әкімдік және қарапайым еңбек адамдарының өкілдері арасындағы үшжақты меморандумға сәйкес жұмыс орындарын сақтап қалдық, – деп атап өтті Ван Дося. Сонымен қатар, арызданған азаматтардың ешқайсысына қудалау жасалған жоқ. Өндірісте істейтін азаматтардың еңбек шарттары мен тамақпен қамтылуына қатысты мәселе болған емес.
Жоғарыда айтылған қиындықтарға қарамастан компания жыл басында еңбеккерлерінің жалақысын орташа есеппен 10 пайызға көбейткен. Оған қоса осында еңбек ететін азаматтарды қамту мақсатында вахтаға баратындар кестесі бекітілді.
Алдағы уақытта компания қосымша бұрғылау қондырғыларын іске қосады. Бұл тағы 450 адамның еңбекпен қамтылуына мүмкіндік береді. Әкімдіктің ұсынысымен осы жылдың наурызынан бастап бас директордың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары тағайындалады. Бұл лауазымды Қазақстан Республикасының азаматы атқарады. Аталмыш мәселе облыс басшылығының бақылауында.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

27 ақпан 2018 ж. 1 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам