МҰЗ ҮСТІНДЕ ЖҮРГЕН ӘЙЕЛ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Шақыру бойынша жасақтың 5 құтқарушы 1 бірлік техникамен жедел шықты. Шақырылған жерде құтқарушылар ери бастаған мұздың үстінде бейтаныс азаматша жүргенін көрді. Құтқарушыларды байқаған әйел Халыққа қызметкер көрсету орталығының қасындағы жаңа көпірге қарай жүгірді. Құтқарушылар жағдайды анықтап дереу құтқару ісіне кірісті. Олар көпірден асып бара жатқан мас күйіндегі әйелді жағаға шығарды. Жағада азаматша өзінің қылықтарын, суицид жасағысы келгенін айтып түсіндірді. Содан кейін құтқарушылар азаматшаны оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Дәурен ТАҢАТАРОВ,
Қызылорда облысы.