БАЛЫҚ АУЛАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ОӨАЖҚЖ құтқарушылары аң аулау, балық аулау кезінде мұздың қалыңдығына сенімді болу керек екенін еске салады. Әдетте, мұз әсіресе су ағындары мен жылдам ағыспен жүретін жерлерде тұрақсыз болады. Егер мұз жарылса, шытынаса немесе мұз бетінде су пайда болса дереу жағаға оралуыңыз қажет. Сонымен қатар, кеңінен аралық аяқты алшақтап жүріп, немесе кем дегенде, серіппен өту керек. Мұз үстінде адамдар мен жүктер бір жерде жиналуға болмайды. Сондай-ақ, қолайсыз ауа-райында: тұман, қар, жаңбыр және түнде мұзға шықпаңыз.
Сіздің балық аулау хоббиіңізге жақсы және жағымды естеліктер қалу үшін, мұз туралы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Мұзда балық аулау кезінде кішкене аймақта көптеген тесіктерді оюға болмайды. Аралары 5-6 м қашықтықта болуы керек. Әрбір әуесқой балықшылардың өзінде құтқару кеудешесі, ұзын таяқ және 15-20 метр жіп болуы керек екендігін Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары ескертеді.