ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕСІ РЕТТЕЛУДЕ

Аймақта орналасқан 135 май құю бекетінің дені «Гелиос», «ҚазМұнайГаз» және «Синойл» компанияларына тиесілі. Олар жанар-жағармайды күндізгі мезгілде еркін сатуда, тек түнгі уақытта ғана талон арқылы беріледі.
«Шымкент қаласынан облыс орталығына 1000 тонна вагонмен АИ-92 маркалы бензин жіберілді. Айдың аяғына дейін 7 000 тонна әкелу жоспарланып отыр. 13 қазандағы мәліметтерге сәйкес облыста АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы – 151,5 теңге, АИ-80 маркалы жанар-жағармайдың орташа бағасы - 89 теңге, дизель отынының орташа бағасы –147,5 теңгені құрап отыр», - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов.
Облыста мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті. АИ-92 маркалы бензиннің – 1646,1 тоннасы, АИ-80 – 104,6 тонна, дизель отыны – 1590,2 тоннасы бар.